jasqazaq.kz

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған (Видео)

21 ақпан 2025, 10:00

Алматы облысында алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Нақтырақ айтқанда, қаскөй қайтыс болған баланың еміне ақша жинап талайларды сан соқтырып келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы полицейлерінің арнайы операциясы аясында қылмыстық схемаларға қатысы бар күдіктілер ұсталды.

Брінші жағдайда Қонаев қаласының 31 жастағы тұрғыны азаматтардың сеніміне кіріп, заңсыз түрде қаржылық пайда тапқан. Сондай-ақ оның тағы бір өрескел іске қатысы бар екені анықталды – балаға емге қаражат жинау сылтауымен адамдарды алдаған.

Екінші жағдайда 26 жастағы ер адам өзін жүк тасымалдаушы ретінде таныстырып, тауарды жеткіземін деген уәдемен 180 мың теңгені иемденіп кеткен.

«Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғаушылар күдіктілердің басқа алаяқтық әрекеттерге қатыстылығын тексеруде. «ANTI-FRAUD» операциясы жалғасуда, ал полиция азаматтарды сақтық танытып, алаяқтық схемалары туралы хабарлап отыруға шақырады», – деп мәлімдеді киберполиция қызметкерлері.

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі