
Алматы облысында 8 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды.
2008 жылғы қызға Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылының маңайында 14 сәуірде шабуыл жасалған. «Құқық қорғау органдарына қыздың ата-анасынан 14 сәуірде кешкі уақытта арыз түсті. Арызда олар қыздарына қатысты құқыққа қайшы әрекет жасалғанын айтқан. Tengrinews.kz хабарлағандай, қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер») тергеу жүріп жатыр. Тергеу шараларын Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөлімі жүргізіп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол Еңбекшіқазақ ауданының 1985 жылғы тұрғыны». Облыстық ІІД өкілдері осы іс бойынша барлық қажетті сараптаманың тағайындалғанын мəлімдеді.