jasqazaq.kz

Алматы облысына дизель отынының қосымша көлемі жіберіледі

07 сәуiр 2023, 20:04

 

 

Энергетика министрлігі «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Petrosun» АҚ, АЖҚС ірі желілері («Helios», «Газпромнефть-Қазақстан», «PetroRetail» және «Sinooil») өкілдерінің қатысуымен Алматы облысын жанар-жағармаймен іркіліссіз қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 7 сәуірдегі жағдай бойынша Алматы облысы бойынша дизель отынының қоры 11 мың тоннадан асады. АЖҚС желілерінің өкілдері атап өткендей, оларда бар дизель отынының қоры халықты іркіліссіз қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

АЖҚС желілерінің ақпараты бойынша дизель отынына сұраныстың артуы байқалады (30 пайыздан астам). Соның салдарынан кейбір жанармай құю бекеттерінде отынның тәуліктік көлемі тез таусылып қалады. Шымкент МӨЗ жөндеуге тоқтауына байланысты өңірге мұнай өнімдерін жеткізу бойынша шектеулер болды.

Сондықтан желілер басшылығы отынды көп тұтынатын аудандарға тиеп-жөнелтуді арттыру туралы шешім қабылдады.

Атырау МӨЗ және Павлодар МГХЗ-дан 5000 тонна отын жолда бара жатыр.

Өз кезегінде ҚТЖ ЖЖМ-ды уақтылы тасымалдауды қамтамасыз етеді.

7 сәуірде Шымкент МӨЗ-де жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталып, мұнай өнімдері өндіріле бастады. Өнімнің бірінші партиясы демалыс күндері жөнелтіледі деп жоспарлануда. Осы орайда Алматы облысын қоса алғанда, оңтүстік өңірлерге бірінші кезекте жөнелту қамтамасыз етіледі.

Алматы облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне қосымша 3 мың тонна дизель отыны бөлінетін болады.

JQ-Aqparat

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде