jasqazaq.kz

Алматы: мектеп пен балабақшаның бәрі қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етілді

19 ақпан 2024, 12:42

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен білім беру мекемелерінде «Кешенді қауіпсіздік жүйесі» жобасы жүзеге асырылды.

Мектептер, балабақшалар, колледждер мен мектептен тыс мекемелер толығымен күзетпен және заманауи қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етілген.

Оған тәулік бойы күзет, дабыл түймелері, бет-әлпетті тану мүмкіндігі бар турникеттер, бейнебақылау және өртке қарсы қауіпсіздік жүйесі кіреді. Барлық нысан балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыру үшін заманауи құрылғылармен жабдықталған.
Бейнебақылау аумақты бақылауға мүмкіндік береді, ал материалдар 30 күн сақталады.

Бейнекамерадан сигнал полиция департаментінің жедел орталығына түседі. Оқиға немесе төтенше жағдай болған жағдайда жедел топ келеді.
Мектептер мен балабақшаларды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған соң қауіпсіздік жүйелерімен қайта жарақтандыру жоспарланған.

JQ-Aqparat

Сурет: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі