jasqazaq.kz

Алматы: Қарызды төлесе, өсімпұлды алып тастайды

20 қараша 2023, 18:44

Алматыда жылу және ыстық сумен жабдықтау қызметіне қарызды айыппұлсыз төлегісі келетіндер үшін науқан жүріп жатыр.
«Алматы жылу желілері» хабарлағандай, науқан басталған бір ай ішінде жалпы берешегі 19 143 333 теңге болатын 171 борышкер өсімпұлды алып тастау мүмкіндігін пайдаланды. Акция аясында жалпы сомасы 9 154 707 теңгеге өсімпұл есептен шығарылды.
Бұл өсімпұлды үнемдеумен бірге, мүлікке, сонымен қатар борышкердің банктегі есеп шотына салынған шектеулер мен тыйымды алып тастауға мүмкіндік береді.
Ол үшін борышкер қарызды төлеп,
▫️«Алматы жылу желілері» ЖШС-на өтініш береді. Жеке куәліктің көшірмесі, төлем туралы кассалық чекті ▫️info@alts.kz поштасына жіберу немесе тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының біріне жүгіну керек.
Берешек туралы ақпарат немесе кеңес алу үшін 341-07-77 телефон номеріне немесе WhatsApp нөміріне +7 (701) 027-11-20 хабарлама жіберуге болады.
Қарыз төленбеген жағдайда борышкерге жылу беру тоқтатылып, берешек сот арқылы өндіріліп алынады. Науқан мерзімі шектеулі – 29 желтоқсанда аяқталады.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде