jasqazaq.kz

Алматы: Қарғалы су қоймасы салынды, Ақсай су қоймасы іске қосылады

18 желтоқсан 2024, 12:42

Сурет: Алматы әкімдігі

Бүгін ОҚК көшпелі баспасөз конференциясында Ерболат Досаев қалада жылумен және сумен жабдықтау мәселелері қалай шешіліп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Алматы әкімінің мәліметінше, биылғы мамырда жаңа «Балқаш» таза су резервуары іске қосылды. Шілде айында сумен жабдықтаудың резервтік схемасы салынды. Қарғалы су қоймасын салу аяқталды және 2025 жылы Ақсай су қоймасы іске қосылады. Соның нәтижесінде, Бостандық, Медеу және Наурызбай аудандарының 220 мың тұрғынын тұрақты және сапалы сумен қамтамасыз етіледі.

«Сапалы сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін 220 шақырым жаңа желі салынды, 30 шақырым қолданыстағы желілер жаңғыртылды. 2025 жылы 347 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері салынып, жаңғыртылады», — деді Алматы әкімі.

Сондай-ақ биыл 20 шақырым жылумен жабдықтау және 220 шақырымнан астам электрмен жабдықтау желілері жаңғыртылған. 85 қазандық қайта жаңартылды. Келесі жылы 40 шақырым жылумен жабдықтау және 240 шақырым электрмен жабдықтау желілерін жаңғырту жоспарланды. 21 қазандықты қайта жаңарту жалғасады.

«Нәтижесінде 2024-2025 жылдары жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 3,8%-ға, электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 1,7%-ға төмендейді», – деді Ерболат Досаев.

JQ-Aqparat
Сурет: ortcom.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі