jasqazaq.kz

Алматы қаласының Білім басқармасы: Жаңа мектептерде оқу тілін таңдауда барлық баланың құқықтары ескеріледі

21 тамыз 2025, 17:49

Бірінші сыныпқа қазірдің өзінде 27 мыңға жуық бала қабылданды. Оның ішінде 57%-ы мемлекеттік тілде білім алатын болады. Құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Оның сөзінше, жыл сайын мемлекеттік тілде оқуға деген сұраныс артып келеді. Бүгінде мегаполистегі барлық оқушылардың 51%-ы қазақ тілінде білім алып жатыр.
«Мысалы, 1990 жылы мемлекеттік тілде бар-жоғы 11 мың ғана оқушы оқыған болса, биыл олардың саны 177 мыңға жақындады. Яғни бұл көрсеткіш табиғи түрде 16 есеге өсті», – деді Сайфеденов.

Спикердің айтуынша, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы баласының оқу тілін өз қалауы бойынша таңдауға құқылы. Қолданыстағы нормативтік ережелерге сәйкес, мектептер қызмет көрсету аймағында тұратын барлық балаларды қабылдауға міндетті, ал жаңа білім беру мекемелерін ашу барысында оқу тілі қоғамдық сұранысқа қарай анықталады.
«Соңғы 12 жылда Алматыда 24 жаңа мектеп ашылды, соның 19-ы немесе 80%-ы – мемлекеттік тілде білім береді. Сонымен қатар, «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында ашылуы жоспарланған 12 мектептің 9-ы қазақ тілінде болады. Мұның бәрі ата-аналардың сұранысына байланысты», – деп атап өтті Білім басқармасының басшысы.
Брифинг барысында айтылғандай, басты басымдық – халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, қолайлы әрі қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыру.

Сурет: Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар  қызметі

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті