jasqazaq.kz

Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

09 маусым 2025, 13:45

Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметіне Ерлан Исабеков тағайындалды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Ерлан Шойұлы Исабеков Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, «Болашақ» бағдарламасымен Джорджтаун университетін (АҚШ) бітірген. Қолданбалы математика және экономика мамандықтары бойынша магистр дәрежесі бар.
Еңбек жолын Алматы қаласындағы № 131 мектеп-лицейінде математика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2000-2002 жылдары Мемлекеттік кірістер министрлігінде қызмет атқарды. 2002-2008 жылдары Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінде жұмыс істеді.
2008-2009 жылдары Премьер-Министрдің кенсесінде қызмет атқарды.
2009-2015 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде басшылық лауазымдарда қызмет етті.
2015-2018 жылдары Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.
2018-2023 жылдары Ақмола облысы Егіндікөл ауданының және Жетісу облысы Қаратал ауданының әкімі болды.
Осы тағайындауға дейін Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеген.

JQ-Aqparat
Сурет: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы