jasqazaq.kz

Алматы индустриалды аймағының резиденттері 2 трлн теңгеге жуық өнім өндірді

28 маусым 2024, 13:48

Алматылық бірқатар БАҚ өкілдері Алматы индустриалды аймағымен танысты. Қазір бұл аймақта кәсіпорындар қарқынды дамып, жаңа өнеркәсіп ошақтары салынып жатыр.
«Алматы индустриалды аймағы» ЖШС («Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы) резиденттері биыл 1,913 млрд теңгеге өнім өндірді.
«Алматы индустриалды аймағы» (АИА) – ірі өнеркәсіптік және өндірістік бизнес-жобаларға арналған аумақ 2015 жылы жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету және Алматыда өнеркәсіптің басым салаларын дамыту үшін құрылған. Қосылған құны жоғары және экспорттық әлеуеті бар технологиялық, инновациялық өнімдерді шығаруға, сондай-ақ жаңа сапалы жұмыс орындарын құруға бағытталған инвестициялық жобаларға артықшылық беріледі.
Қазіргі уақытта АИА қатысушылары машина жасау, өндіріс, құрылыс, логистика, тамақ, химия және аграрлық өнеркәсіп және т.б. салалардан 102 компания болып табылады. АИА резиденттері инвестицияларының жалпы көлемі 14 246 жұмыс орнын құрумен 556,2 млрд теңгені құрайды. 2015 жылдан бастап АИА қатысушылары 53,7 млрд теңге сомасына салық төледі.


АИА ауданы 490 га құрайды, оның ішінде жобаларға 326 га, инфрақұрылымға – 164 га бөлінген.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Алматы бизнес — 2025» бағдарламасы шеңберінде АИА-да шағын өнеркәсіп парктерін дамыту бағдарламасы іске асырылуда, онда кәсіпкерлер дайын өндірістік үй-жайларды жеңілдетілген шарттармен жалға ала алады (кейіннен сатып алу мүмкіндігімен) — м² үшін 1350 теңге. Кейінгі сатып алу құны — м² үшін 180 000 теңге.
Өнеркәсіп парктерін салу үшін «Алматы» ӘКК, Almaty Finance және Алматы МҚҰ еншілес компаниялары арқылы 7 жылға дейінгі жылдық 6% мөлшерлеме бойынша жеңілдікті кредиттер беріледі. Өнеркәсіп парктерінің резиденттері өз бизнесін дамыту және айналым қаражатын толықтыру үшін жылдық 2% мөлшерлеме бойынша 70 млн теңгеге дейін несие ала алады.
Қазіргі уақытта Алматыда жалпы ауданы 46 мың м² болатын 11 өнеркәсіп паркі (қала аумағында 5, АИА аумағында 6) іске қосылды. Өнеркәсіп парктерінде 76 резидент орналастырылып, 1074 жұмыс орны құрылды -толтыру 100% құрайды. Жалпы ауданы 100 мың м² асатын тағы 26 өнеркәсіп паркін іске қосу жоспарлануда. Оның 5-і 2024 жылы, 21-і 2025 жылы, бұл қосымша 3 400-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
«АИА-ны дамытуға салынған 1 бюджеттік теңгеге жеке инвесторлардың 5,5 теңгесі тиесілі. Бұл ретте бюджеттік инвестициялар төленген салықтар есебінен толық көлемде қайтарылды.
Бизнестің үлкен сұранысына байланысты АИА-ның пайдалы алаңы 95%-ға игерілді және әлеуетті инвесторлардың болуын ескере отырып, қала әкімдігі аумақты 194 гектарға (АИА кеңейтудің екінші кезеңі) кеңейту бойынша жұмыс жүргізді.

Мақпал Ноғайбаева,
Алматы қаласы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде