jasqazaq.kz

Алматы емханасында есепшілер «өлі жандарға» 340 млн теңге аударған

06 тамыз 2024, 10:44

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотында №30 қалалық емхананың бас бухгалтері мен поликлиниканың есепшісіне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Оларға аса ірі мөлшерде бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін заңсыз иемденді немесе жымқырды деген айып тағылды.
«Сот талқылауы барысында бас және есеп айырысу бухгалтерлері жеке заңсыз материалдық баю мүддесін көздеп, 2019 жылдың маусымынан 2023 жылдың қарашасына дейін емханада нақты жұмыс істемеген тұлғалардың карточкалық шоттарына жалақы мен сыйақыларды есептеп отырғаны анықталды. Салдарынан мемлекетке 340 миллион 387 мың 113 теңге материалдық шығын келтірілген», – деп хабарлады Алматы қалалық соты.

Сотта сотталушылар өз кінәларын толық мойындады.

«Сот үкімімен Х. кінәлі деп танылып, 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 5 жылға материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Серіктесі Т. кінәлі деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол да 5 жылға материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды», – деді сот.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі