jasqazaq.kz

Алматы: Бір түнде 33 жол апаты болды

12 желтоқсан 2023, 11:04


Алматыда қолайсыз күн райынан бір түнде 33 жол апаты болды. Осыған байланысты тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады.
«Бұл үндеу негізінен көлік басқаратын қала жүргізушілеріне арналған. Біз оларды жол ережесін қатаң сақтауға, жүргізуші мәдениетін танытуға және мұқият болуға шақырамыз», — деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев.
Қалалық полициядан мәлім еткендей, 11 желтоқсан сағат 20:00–ден 12 желтоқсан таңғы сағат 06:00 аралығында Алматы жолдарында 33 жол апаты тіркелді, төртеуінде жарақат алғандар бар.
«Сонымен қатар, ауа райының нашарлауына және қар жаууына, ауа температурасының төмендеуіне байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілер мен көлік иелерін көлік дөңгелектерін қысқысына ауыстыруды шақырамыз», — деді полиция өкілі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі