jasqazaq.kz

Алматы: Әуезов ауданында ескірген жылу желілері жаңартылады

17 маусым 2024, 12:57

Алматының Әуезов ауданында өткен жылы басталып, биыл қыркүйекте аяқталуы тиіс екі жылдық жоба аясында 1 838 метр құбыр ауыстырылады.
25 жылдық нормативтік мерзімін өтеген бұл магистраль 400-ден астам көпқабатты үйді, 4 балабақшаны және Кіші Сайын көшесінің бойындағы 105 жеке тұрғын үйді жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.
Жыл соңына дейін ұзындығы 1386 метр болатын тағы бір тозған құбырды ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл жұмыс Сайын көшесінің батысында және Шаляпин көшесінің солтүстігінде жүргізіліп жатыр.


Қайта құру тозуды, жылу шығынын және апатты азайтуға мүмкіндік береді, ал тұрғындар үшін ыстық сумен жабдықтаудың уақытша схемасы көзделген.
Ауданды аралау кезінде шаһар басшысы Ерболат Досаев құрылыс-монтаж жұмыстарын жеделдетуді және нысандарды қайта жаңартуды мерзімінде аяқтауды тапсырды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі