jasqazaq.kz

Алматы Атырау облысына гуманитарлық көмек жіберді

08 сәуiр 2024, 12:09

Атырау облысында 7 сәуірде су тасқыны жағдайына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Зардап шеккен аймаққа Алматы қаласы әкімі аппаратының Құтқару қызметінің күшімен гуманитарлық көмек жіберілді.

Облысқа көмекке 3 «КамАЗ» жүк көлігі, жеңіл автокөлік, шанцев аспаптары (күрек, балта, сынықтар және т.б.) жіберілді. Сондай-ақ, көмекке шатырлар, кереуеттер, шамдар, құтқару кеудешелері, резеңке етік, 5 мың қап, дәрі-дәрмектер кіреді.
Өткен аптада Алматыдан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмектің бірінші партиясы жіберілген болатын.
29 наурыздан бастап қалада Алмалы ауданының коммуналдық орталығы базасында ашылған қабылдау пункті жұмыс істейді. Күн сайын алматылықтар қажетті заттарды әкеліп, табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуге өз үлестерін қосуда.
Қала тұрғындары, кәсіпкерлер, жастар қажетті көмекті жинауға белсене қатысты. 6 күнде 10 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі