jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы 100 жасқа толған ардагерді марапаттады

17 маусым 2024, 18:48

Қоғам қайраткері, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Шәңгерей Жәнібекұлы 100 жасқа толды. Қала әкімі Ерболат Досаев қарт майдангерге барып, Мемлекет басшысының сәлемі мен құттықтауын жеткізді. Президент соғыста ерен ерлік көрсеткен ардагерге елдің өркендеуіне қосқан ерлігі үшін ризашылық білдірді.

Премьер-министр Олжас Бектенов те ардагерге өзінің құттықтауын жолдап, қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Алматы әкімі Президенттің жылы лебізін жеткізіп, награда табыстады. Ардагерге соғыста көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген I дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. Ол майдангердің өмір жолы батылдықтың, ерліктің және борышқа деген адалдықтың үлгісі екенін атап өтті.

 

«Екі жыл бұрын Жеңіс күнінде мен сіздің 100 жылдық мерейтойыңызға келетінімді айтқан едім. Бүгін сізді осы тамаша мерейтоймен құттықтап, Мемлекет басшысының ақжарма тілектері мен жүрекжарды лебізін жеткізіп, Сізге лайықты марапат тапсыру мен үшін үлкен мәртебе. Аман болыңыз! Жақындарыңызға бақыт пен жақсылық тілеймін», — деді Алматы әкімі.

JQ-Aqparat

Суреттер: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі