jasqazaq.kz

Алматы әкімдігі автобустарда жол жүру ақысы туралы: Орташа тариф 250 теңге болады

22 қыркүйек 2022, 15:06

Алматы қалалық мобилділік басқармасы қоғамдық көліктердегі жол жүру ақысын өзгерту мәселесіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев «жаңа тарифтік саясат» енгізілетінін айтқан болатын. Бүгінде Алматы қаласында 80 теңге болатын тариф бар. Бұл тариф 10 жыл бұрын енгізілген.

«Тариф 2012 жылдан бері өзгерген жоқ. Осы уақыттан бері ЖЖМ құны, жүргізушілердің жалақысы, автобустар мен қосалқы бөлшектер құны бірнеше есе өсті. Тарифті өзгерту туралы шешім қабылданған жағдайда, ол алдын ала және халықпен қоғамдық тыңдаулар өткізілгеннен кейін ғана хабарланады», — деді Алматы қалалық мобилділік басқармасы өкілдері.

Басқарма мәліметінше, әрбір әлеуметтік маңызы бар маршрут үшін жеке анықталатын есептік тариф ұғымы бар. Есептік тариф 2017 жылы енгізілген субсидиялау шамасын айқындау кезінде қолданылады. Осылайша, тасымалдаушыларға есеп айырысу мен базалық тариф арасындағы айырма төленеді, яғни олардың шығыны іс жүзінде өтеледі.

«Есептік тариф — бұл жол жүрудің нақты құнын көрсететін тариф, ол тасымалдаушының маршруттарға қызмет көрсетуге арналған шығындарын (ЖЖМ, жөндеу, техникалық қызмет көрсету, жүргізушінің жалақысы, амортизациялық шығыстар және т.б.), сондай-ақ жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістерді ескере отырып қалыптасады. Орташа тариф — 250 теңге», — деді басқарма өкілдері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде