jasqazaq.kz

Алмат Сақатов: Атақты көтеретін немесе көтере алмайтын адам болады

16 маусым 2023, 11:13


Белгілі актер, сатирик Алмат Сақатов Төреғали Төреәлінің шулы оқиғасына қатысты пікір білдірді. Ол бұл шулы оқиғаға баса мән бермеуді, қазақта одан басқа да шешілмеген мәселелер жететінін ашып айтты.
Алмат Сақатовтың сөзінше, аталған оқиғаға қатысты пікірін ол халық өзінен сұраған соң жариялауды жөн көріпті.
«Желіні шулатып жатқан Төреғали жайында не айтасыз деп жатыр. Не айтамын мен, өзім де жетісіп тұрған жоқпын. Өздеріңіз көтересіздер, өздеріңіз мақтайсыздар. Арқасынан қағасыздар, көтере алатын адам болады, көтере алмайтын адам болады. Соған қарап біздің де балаларымыз тәрбие алады. Сенің балаң оған қарап тәрбие алмайды, саған қарап тәрбие алады. Баяғыда бір кәртейген әкесі тамақ пісіріп тұрса, баласы: «Әке мен жұмысқа шыққан кезде тамақты өзім пісіремін, өзім асыраймын» десе, әкесі жылапты. Баласы: «Әке, неге жылап тұрсыз?» десе: «Балам-ау сен 35-ке келдің ғой» депті. 9 сынып бітірген кезде балаларына той жасайды, әнші шақырады, мейрамханаға барады. Мен болдым сол тойда, біздің кезімізде 9 сынып бітірген кезде қолымызға аттестатымызды беріп, СПТУ-ға барып оқы дейтін еді ғой? Тәрбие қайда? Тәрбие өз үйімізде. Сондықтан далада жүрген балаға қарап бала тәрбие алмайды, үйде жүрген әке мен ақылды болған шешеге қарап тәрбие алады деп ойлаймын. Аман болайық, өз балаларымызды дұрыстап тәрбиелеп алайықшы. Қайтесіздер? Онсыз да қазақта проблема көп, алынбай жатқан миллиардтар бар, өртеніп жатқан Семей бар», — деп сөзін аяқтады актер.

JQ-Aqparat

23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции