jasqazaq.kz

Алмат Сақатов: Әншілерді нан мен бензин бағасы қызықтырмайды

18 мамыр 2023, 9:58


Актер Алмат Сақатов отандық бағдарламада халық мүддесін қорғамайтын әншілерді сынға алды. Өнер иесі нан мен бензин бағасының өскеніне алаңдамайтын өнердегі әріптестеріне шүйлікті. Ол өзінің қоғамдық мәселеден шет қалмай, пікір білдіруінің себебін айтты.

«Сен жалғыз отырып, ақша таппайсың ғой. Мысалы тасқа қарап, өлең айтып, ақша таппайсың. Оған халық береді. Жаркентте, Созақта, Тарбағатайда отырған адамдар тойына шақырып, оларға ақша береді. Қазір әншілердің бір тойға барған орташа бағасы — 5 мың доллар. Қазақстанда 5 мың доллар деген жалақы жоқ. Мүмкін, әкімдер алатын шығар. Халықтан алады. Бірақ халықтың мүддесін қорғағысы келмейді. Халықтың ортасында қиыншылық, қымбатшылық болып жатса, ол неменеге жылайды? Халық 5 мың доллар беріп отыр ғой. Оған рахат. Картоптың қымбаттап, нан мен бензиннің бағасы көтерілгені ол әншілерді қызықтырмайды. Өйткені, халық асырап отыр. Қоғамда болып жатқан әр жағдайға сен кірісуің керек. Бас кеспек болғанмен, тіл кеспек жоқ. Сен қазақтың жері, елі, мәселесі үшін кірісуің керек. Неге тіл кеспек жоқ деп айтады? Себебі, сен аузыңнан шыққан сөзді ұстай алмайсың. Сондықтан да халықтың мүддесіне араласуың керек», — деді Алмат Сақатов.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі