jasqazaq.kz

Алмат Сақатов: Әйелдің тілі ұзарса, еркектің қолы ұзарады

08 маусым 2023, 14:09
Фото: youtube.com

Фото: youtube.com

«Бауыржан шоу» театры арқылы танылған актер Алмат Сақатов жақсы әйел қандай болуы керектігін айтқан болатын. Өнер иесі қоғамда қызу талқыға түскен сөзін отандық бағдарламада түсіндірді. Актердің айтуынша, әйелдің тілі ұзарса, еркектің қолы ұзарады.

«Жақсы әйел шыдамды болуы керек. Болды. Егер сабаса, ұрса, күнде арақ ішіп жүрсе, түсінемін. Бірақ еркек оған жетуі керек. Ал еркектің қолы қай кезде ұзарады? Әйелдің тілі ұзарғанда… Әйел шыдаса, тілі ұзармай, тыныш жүрсе, ақылды еркек өз орнына келеді. Шыдау керек, шыдамдылық. Басқа ештеңе керек емес бұл жерде. Күйеуің қыдырып кетті ме, қаңғып кетті ме? Шыда. Өйткені айғайлап, «жағаң помада болып келіпті» деп, бетің ашылады», — деген болатын Алмат Сақатов. Актер желіде қызу талқыға түскен осы сөзін көпшілікке қайта түсіндіре кетті. «Енді «Бақаның да өз пікірі болады» деп айтады ғой. Біреу сөйтіп қабылдайды деп үндемей отыра алмаймын. Сондай адаммын. Тентектеу адаммын. Бұл жерде былай ғой, сіздің айтып отырғаныңыз да, менің айтып отырғаным да — дұрыс. Әр адамның өз көзқарасы бар. Таяқ жемес үшін тіліңді қысқарт деп түсінуге болады немесе ол кісінің миын ашытып не қыласың? Мүмкін саған сабырлық керек шығар деп те түсінсе болады. Бұл жерде әйелді бір бұрышқа тығу емес. Естіп отырған адам миын қозғасын. Қарсы сөйлеп, менімен ұрысатын адам болады. Мен кейде әдейі айтамын. Пікірлерді оқимын, ұрысады, балағаттайды. Бірақ, мен оларға қарсы шықпаймын. Сенікі дұрыс емес деп айтпаймын. Өйткені, әркімнің өз пікірі болуы керек», — деді Алмат Сақатов.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі