jasqazaq.kz

Алмасадам Сәтқалиев: Ескі келісімдерді қайта қарауға асығудың жөні жоқ

11 сәуiр 2023, 16:08


Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «Теңіз», «Қарашығанақ», «Қашаған» кен орындарын игеріп жатқан ірі мұнай компанияларымен жасалған келісімдерді қайта қарау мәселесіне қатысты пікірін айтты.
«ҚазМұнайГаздың» меншігіндегі мұнай кеніштерінің көп бөлігінде игеру мерзімі аяқталып келеді, яғни мұнай алудың ақырғы сатысын өткеріп жатыр. Ондай кеніштердегі басты міндет – қазіргі игеру көлемін сақтап қалу. Үкімет шығынды көбейту арқылы жұмыс орындарын сақтап қалуға барынша күш салып жатыр. Бұл жұмыс орындарының өзіндік құны да қымбат. Кеніштер өзін-өзі ақтау үшін салық жеңілдіктері де беріліп жатыр», — деді А.Сәтқалиев. Оның пікірінше, әлем бойынша ірі инвестицияларға деген сұраныс өршіп тұрған кезде ескі келісімдерді қайта қарауға асығудың реті жоқ.
«Біздің бюджеттің негізгі доноры болып отырған ірі мұнай кен орындары бар. Бұл — «Теңіз», «Қарашығанақ», «Қашаған». Көбінде игерудің максималды шегіне жетіп қойды. Бұл ірі кеніштерді игеру мәселесі үкіметаралық, мемлекетаралық келісімдер арқылы реттеледі және ол келісімдерді орындауға екі тарап та жауапты. Қандай да бір келісімдерді қайта қарау мәселесіне келсек, бұл халықаралық құқық алаңында қаралатын мәселе. Біз елімізге инвестиция келгенін ойлауымыз керек. Қазір біз инфрақұрылымға салатын инвестицияға барынша тәуелдіміз. Әлемде білікті инвесторлар тартуда бәсеке жоғары екенін, қаржымыздың шектеулі екенін білесіздер. Қазақстанда несиелеу мөлшерлемесі 20 пайыздан жоғары екені де инвестициялау мүмкіндіктерін шектейді», — деді энергетика министрі.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура