jasqazaq.kz

Әлішер Жармағамбетов: Биыл браконьерлер мемлекетке 13 млрд теңге шығын келтірді

13 қараша 2023, 12:58

Жыл басынан бері елімізде қоршаған ортаны қорғау саласында 300 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді. Бұл туралы ІІМ ӘПК табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Жармағамбетов мәлім етті.

«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган — Экология және табиғи ресурстар министрлігі. Полиция қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын жүргізуге және браконьерлікпен байланысты қылмыстық істерді тергеуге көмек көрсетеді. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 300 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Экологиялық құқық бұзушылық бойынша 304 сотқа дейінгі тергеу басталды. Мемлекетке келтірілген шығын 13 миллиард теңгеден асады», — деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, браконьерліктің себебі – адамдардың өздерінің заңсыз әрекеттерінің экожүйеге әкелетін салдарының ауырлығын толық түсінбеуі. Орман, жануарлар, балық немесе жер қойнауы табиғи ресурстарын бақылаусыз пайдалану елдің бүкіл экожүйесіне кері әсерін тигізеді.
«Осы себепті мемлекеттік органдар бірқатар ұйымдастырушылық және заңнамалық іс-шараны қолға алуда. Жоғары тәуекел маусымдарында рейдтік іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударылады. Мысалы, балық пен сүтқоректілердің уылдырық шашатын көктемгі кезеңінде, алғашқы қардың күзгі кезеңінде және жануарлардың ерекше әлжуаздығы кезеңінде қорғау жұмыстары күшейтіледі», — деді Әлішер Жармағамбетов.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде