jasqazaq.kz

Әлімжеттік: 14 жастағы бала мектеп дәретханасында жан тапсырды

03 мамыр 2024, 15:17

Жамбыл облысында сегізінші сынып оқушысы жоғарғы сынып оқушысының қолынан қаза тапты. 14 жастағы бала кеуде тұсынан алған соққыдан кейін мектеп дәретханасында жан тапсырған. Ал әлімжеттік көрсетіп жұдырық жұмсаған 9 сыныптың оқушысы қамауға алынды. Қайғылы оқиға болған күні мектеп ұжымы болған жағдайды барынша жасыруға тырысқан. Алғашында оқушының ата-анасына « жүрек талмасы ұстап қалды» деп хабарлаған.

Қанды оқиға 30 сәуір күні мектеп ауласындағы әжетханада болған. Ата-аналардың айтуынша оқушы әлімжеттіктің кесірінен ажал құшқан. Өйткені бұған дейін мектепте балаларға қысым көрсеткен жағдай жиі кездескенін айтады. Ал ауылдасын ажалға қиған кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Қайғыдан қан жұтқан ата-ана баласын жер қойнына кеше табыстаған. Мектеп маңын торуылдап жүрген олар 14 жастағы Мирасты жабылып ұрған оқушылар жазадан сытылып кетпесін дейді.

Раушан Құдасова, марқұмның анасы:

— Жігіт қой, 14 жасқа келген сап-сау азамат. Алар белесі көп еді, баламның. «Мама, мен дәрігер боламын, екеуіміз бәрін жеңеміз» деп.. кешке бәрі естіді. Бүкіл ауыл шулады. Екі орынбасарын ілестіріп алып, ата-аналардың үйін аралаған ғой. «Айтпайсыңдар, шықпау керек, ауыздарыңнан шықпасын» деп. Ата-аналарға да қысым жасалып жатыр. Жұмыс орнының басшылығына айтып, сол ата-аналарға қысым жасап жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, оқушы дене шынықтыру сабағы кезінде соққыға жығылған Ата-аналар бұл оқиғадан бір күн бұрын ғана осы мекттептің оқушысы шошынып ауруханаға түскенін айтады. Оны жоғарғы сыныптың оқушылары пышақпен қорқытқан көрінеді. Жантүршігерлік жағдайлардан түңілген ата-аналар мектепте бақылау жоқ екенін айтып ашуланды.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

— Күдікті кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Бүгін өңірдегі барлық мектепте әлімжеттік дерегін анықтау бойынша жаппай тексеріс басталды. Қазір бұған дейін үлкендерден көрген қорлығын жасырып келген Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің оқушылары ата-аналарға бар шындығын айтып жатыр. Оқушыларды қылмысқа итермелеген кім екені тергеуден кейін белгілі болмақ.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КТК телеарнасы (@ktktvkz)


KTK.KZ

01 мамыр, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
30 сәуiр, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство