jasqazaq.kz

Алимент төлеуден жалтарғандар түрмеге қамалады

17 қыркүйек 2016, 16:58

Алимент берешегінен жалтарып жүрген азаматтар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Астана қалалық прокуратурасында осы тақырыпты қаузаған арнайы жиын өтті деп хабарлады 24.kz.

Жалпы елордада 19 мың азамат алимент төлеуге міндеттелген. Алайда оның 2 мыңы жұмыссыздығына байланысты ана мен бала алдындағы борышын өтемей келеді. Сондықтан қалалық прокуратура арнайы жобаны қолға алды.

Жаңа бастама негізінде 500 борышкер салалық мамандықтар бойынша жұмысқа тартылады. Егер олар қызметтен бас тартса, заң алдында жауап береді, — дейді прокуратура өкілдері.

Қазір Астанада 7 мың жасөспірім алдында 400 млн теңге көлемінде қарыз бар.

Серік Нұрмаханов, Астана қаласы прокуратурасының 4-басқарма проркуроры:

— Алимент берешегін азайту жобасы талқыланды. Бұл жобаның негізгі басты мақсаты – алимент берешегін төлемей жүрген борышкерлерді жұмыспен қамтамасыз ету. Сол арқылы алимент ала алмай жүрген жас өспірімдерге ақшасын жеткізу болып табылады.

365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде