jasqazaq.kz

Алимент төлемей жүрген әйелдің көлігі тәркіленді

27 сәуiр 2017, 11:14

Алимент төлемей жүрген астаналық әйелдің көлігі тәркіленді.

Елордалық мемлекеттік сот орындаушылары алимент төлемейтіндердің көліктерін тәркілей бастады. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Әділет департаментіндегі мемлекеттік сот орындаушылары 139 көлікке іздеу жариялады. «Мемлекеттік сот орындаушыларының көлік құралдарын іздестіру туралы қаулысы орындалу үшін Астана қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасына және жергілікті полиция қызметіне жіберілді», — деді Әділет департаменті басшысының орынбасары Арынғазынов. Tengrinews.kz хабарлағандай, ресми мәліметтерге сүйенсек, 19 көлік тәркіленген. «Бір көлік құралы борышкердің келісімімен өндіріп алушыға жіберілді. Оның 1 миллион теңге көлемінде қарызы бар. Осы жылдың 26 сәуірінде әйел адамның көлігі тәркіленді. Оның 2014 жылдың қыркүйегінен бері кәмелетке толмаған екі баласының алиментін төлемегені белгілі болды. Алимент көлемі — 1 191 754 теңге», — деді Астананың Әділет департаментіндегілер.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде