jasqazaq.kz

Алимент төлемеген қырғыз несиеден қағылды (видео)

01 ақпан 2017, 15:24

Жүргізуші куәлігінен айыру, несие бермеу және шекарадан аттап шығармау. Қырғыз билігі алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге осындай шаралар қолданбақ. Парламент депутаттары үкіметке тиісті заң жобасын ұсынды.

Оны жүзеге асыру үшін бірнеше мемлекеттік құрылымның бірлесе еңбек етуін қамту қажет. Халық қалаулыларының айтуынша, жалғызбасты аналарды қорғау үшін осындай қадам жасауға тура келеді. Көп жағдайда отағасы тастап кеткен отбасылардың күнкөрісі нашарлап кетеді. Ажырасқаннан кейін бала-шағасына қарайлап тұратын әкелер аз. Статистистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2015 жылы сотта алименттерді өндіріп алу туралы 8 мыңдай арыз қаралған. Шын мәнінде баласын асыраудан жалтарып жүрген жандардың саны бұдан да көп. Себебі Қырғызстанда тұратын азаматтардың 50%-ы отбасы ішіндегі істерді сотқа жеткізбеуге тырысады. Айнұра Тоқтошева. ҚР Жоғары сотының баспасөз хатшысы: — Жыл сайын соттың көмегіне жүгінетін адамдардың саны артып барады. Алимент төлемейтін ата-аналар көбейген. Себептері де әртүрлі. Біреуінің тұрақты жұмысы болмаса, екіншісі шекара асып шетелге кеткен. Алимент төлеуге міндеттейтін сот шешімі шыққанына қарамастан баласына көк тиын ұстатпайтын адамдар да жетіп артылады. Ондайлар өз ұрпағына ақша төлемес үшін түрлі айла-шараға барады. Осы орайда Парламент жалғызбасты аналарға қол ұшын беріп, алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерге қатаң жаза қолдануды көздейтін заң қабылдамақ. Алайда мейірімсіз әкелерді жауапқа тарту үшін алдымен олардың жүрген жерін анықтау керек. Бюбюсара Рысқұлова, дағдарыс орталығының директоры: — Кейбірі жұмыс орнын жасырады, жалақысын бірнеше есе төмендетіп жазады. Бақуатты адамдар ештеңем жоқ, кедеймін деп ақталады. Шын мәнінде әкелердің қарызын өндіру өте қиын жұмыс. Әсіресе оларды іздеп табу қиын. Қайдан іздейсің? Бүкіл Қырғызстанды аралап, тіпті шетелден іздестестіру қажет. Көбі сыртқа кетіп, міндетінен жалтарып жүр. Тиісті заң жобасы үшінші оқылымда мақұлданды. Алайда ол қабылданғанымен, мәселе түпкілікті шешімін табады деуге келмейді. Жазалау шаралары пәрменді болуы үшін борышкерлер туралы мәлімет жинақталып, алимент өндіретін тиімді жүйе құрылуы тиіс. Жаңа заң қабылданған соң қашып жүрген борышкерлер туралы дерекқор құрылады. Оған жаңа мәліметтер енгізіледі. Баласына қараспайтын әкелердің қатарында шетелге кеткендер де аз емес. Яғни қайырымсыз әкелерді жауапқа тарту туралы заңның қабылдануы алиментті өндіру жұмысының тек қана бастамасы десек те болады.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде