jasqazaq.kz

«Алимент көбеюі керек»

07 маусым 2023, 17:05

Кейбір азаматтар алимент төлеуге мүмкіндігі бола тұрып, баласын асыраушыға алимент аударудан әдейі жалтарады, табысы мен мүлкін жасырады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы Айдос Иманбаев осылай деді. «Кейбір борышкерлер нақты қаржылық мүмкіндіктері бола тұрып, балаларын асыраудан әдейі жалтарады, табысы мен мүлкін жасырады. Бүгінгі таңда алименттің мөлшері борышкердің табысына байланысты белгіленеді. Бұл теріс пиғылды борышкерлерге табыстарын жасанды түрде азайтып көрсетуге жол береді. Әдетте, бұл борышкерлердің көпшілігі жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркеліп, өздеріне ең төменгі жалақы 70 000 теңге белгілейді. Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, борышкерлердің жасырын табысын, яғни такси қосымшалары, курьерлік қызметте жұмыс істейтін адамдардың табысын анықтау мәселелерін пысықтауда», — деді Айдос Иманбаев. Балалардың құқығын қорғау жөніндегі уәкілетті орган белсенділері алимент мөлшерін қайта қарап өсіру жөніндегі ұсынысты көтермек.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі