jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов: Жер телімін беру процесін тежейтіндерге шара қолданылады

07 желтоқсан 2023, 11:13


Үкімет жер телімін беруді кешіктірген жауапты тұлғаларды жұмыстан босатуға дейін әкімшілік жауапқа тартуды көздеп отыр, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Үкімет табиғи монополистердің өтініштерін уақтылы қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуді көздеп отыр. Бұл жөнінде премьер-министр Әлихан Смайылов Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтты.
«Біз әр өңірдегі жағдайды жан-жақты қараймыз. Егер жаңа жылдан бастап адамдарға рұқсат беру тұрып қалатын болса, өңірлердегі тиісті жауапты тұлғаларды жұмыстан босатуға дейін жауапқа тартамыз. Біз аталған мемлекеттік қызметті ашық қылып, цифрландырғымыз келеді, ал бас жоспарлар мен ЕЖЖ қазіргі мәліметтерге сәйкес келмейді. Сондықтан көп жағдайда автоматты түрде рұқсат берілмей жатады. Бірақ, біз кері шегінбейтінімізді ерекше атап өткім келеді. Бәрібір алға жүреміз. Бұл процесті тежейтіндерді жұмыстан шығарамыз. Олардың орнына өз қызметін лайықты атқаруға бел буған адамдарды қою керек», — деді Әлихан Смайылов
Үкімет басшысы жер қатынастарын цифрландыру мәселесі инвестициялық ахуалға, сәйкесінше, жаңа бизнес жобаларды іске қосу мен жұмыс орындарын ашуға тікелей қатысты екенін айтты. Сондықтан цифрландырудың экономиканы одан әрі дамыту үшін маңызы зор.
Премьер-министрдің айтуынша, талдау нәтижесінде әкімдіктер жүктеген цифрлық деректердің барлығы талапқа сай емес екені анықталған. Атап айтқанда, қолданыстағы бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына (ЕЖЖ) түзету енгізу қажет. Сонымен қатар платформада өтінімдерді уақтылы қарамау және негізсіз бас тарту фактілері анықталды.

Премьер-министр 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тиісті мемлекеттік қызметтерді тек цифрлық форматта сапалы түрде көрсету үшін барлық кемшіліктерді қысқа мерзімде жою керек екенін атап өтті.
«Цифрландырудың өзі дәл осы сыбайлас жемқорлықты азайтуға және қате деректер көлемін қысқартуға, сәйкес келмейтін координаттар бойынша жер телімдерін беру фактілерін жоюға бағытталған. Бұл мәселелердің барлығы цифрландыру нәтижесінде шешілуі тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық