jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов: Субсидияланған құс еті көрші елдерде арзан бағамен сатылып жатыр

11 желтоқсан 2024, 13:17

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов құс етіне мемлекеттен бөлінетін субсидиялардың тиімсіз игеріліп жатқанын айтты.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, ішкі нарықты құс етімен қамтамасыз ету үшін жыл сайын қыруар қаржы бөлінеді. Мәселен, өткен жылы құс етін өңдейтін 32 кәсіпорын 22 млрд теңге субсидия алды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр ішкі нарықтағы импортталған құс етінің үлесі — 34 пайыз.

Неліктен субсидия алған 32 кәсіпорын ішкі нарықты толығымен қамтамасыз ете алмайды?

Әлихан Смайылов құс етін өндірушілер мемлекеттен субсидия алып, шығарған өнімін көрші елдерге ішкі нарықтағы бағадан арзан сатып жатқанына тоқталды: «Қазақстанда өндірілетін құс еті ішкі нарықтағы орташа көтерме бағасы – килограмына 1200 теңге. Ал бөлшек саудада — 1400 теңге. Дәл сол субсидияланған құс еті көрші елдерге көтерме бағамен көрші елдерге 800-900 теңгеден сатылады. Біздің ойымызша, егер осы өнім ішкі нарықта осындай төмен бағамен сатылса, өз тұтынушыларымыздың сұранысы көбірек болады және импорт үлесі төмендейтін еді. Сондықтан, біздің пікірімізше, құс етіне бөлініп жатқан субсидияның тиімділігі жеткіліксіз. Құс етін өндіретін кәсіпорындарға нақты міндеттер қойылуы керек».

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі