jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов: салық өндірудің төмендеуі Ұлттық қордан алынатын трансфертті көбейтуге мәжбүрледі

18 маусым 2025, 11:30

2023 жылмен салыстырғанда Ұлттық қор активтерінің деңгейі жалпы ішкі өнімге 7%-ға төмендеген. Толығырақ Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов айтып берді.

— Салық өндірудің төмендеуі факторы қарыз алудың ұлғаюымен қатар Ұлттық қордан берілетін трансфертті көбейтуге мәжбүр етті. 2024 жылы оның көлемі 5,6 трлн теңге болды. 2023 жылмен салыстырғанда Ұлттық қор активтерінің деңгейі жалпы ішкі өнімге 7%-ға төмендеген. Бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 2,6%-ы диапазонында ұстау мақсаты орындалмаған. Мұнайға қатысты емес тапшылықтың белгіленген лимиті де сақталмаған. Оның абсолютті мөлшері 10,8 трлн теңге болды, — деді Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында.

Төраға келтірген мәліметке сүйенсек, 2024 жылы республикалық бюджеттің шығысы бойынша бюджетке 13 рет өзгеріс енгізілді. Ал өзгерістердің 40%-ы 4-тоқсанға тиесілі. Өткен жылы 56 млрд теңгеге 112 бюджеттік инвестициялық жоба қаржыландыру жоспарынан алынып тасталған.

— Бұл дегеніміз газ, су және электрмен жабдықтау, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым саласындағы объектілер. Алайда екінші жартыжылдықта жалпы сомасы 58 млрд теңгеге басқа 96 инфрақұрылымдық жоба енгізілген. Ал жаңадан енгізілген жобалардың бағыты сол алынып тасталған жобаларға ұқсас, — деп толықтырды аудиторлық палата басшысы.

inform.kz

Фото: abai.kz

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды