jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов: Qarmet жұмысшылары алдындағы барлық міндеттемелерді уақтылы орындауы қажет

15 желтоқсан 2023, 11:51


Премьер-министр Әлихан Смайылов Qarmet компаниясының ағымдағы жұмысы мен кәсіпорынды одан әрі дамытудың өзекті мәселелері қаралған кеңесте кәсіпорын жұмысшылары алдындағы барлық міндеттемелерді уақтылы орындау қажет екенін атап өтті.
Үкіметте өткен кеңесте орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және жаңа инвестордың қатысуымен кәсіпорынның операциялық процестерін тұрақтандыру, оны қажетті шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ бірқатар құқықтық рәсімдерді жүргізу шаралары талқыланды, деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.

Одан бөлек, комбинат жабдықтарын жаңғыртуды, заманауи өндіріс технологияларын енгізуді және өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарын арттыруды көздейтін инвестициялық бағдарламаны іске асыру мәселелері қаралды. Атап айтқанда, бірінші кезеңде осы мақсаттарға шамамен 1,3 млрд доллар жеке инвестициялар бөлінетін болады.

«Премьер-министр кәсіпорын жұмысшылары алдындағы барлық міндеттемелерді уақтылы орындау қажеттігін атап өтті. Үкімет басшысы осыған орай, өндірісті одан әрі серпінді дамытудың, шығарылатын өнім көлемін ұлғайтудың және анықталған экологиялық заңнама талаптарын бұзушылықтарды кезең-кезеңімен жоюдың маңыздылығын атап өтті», – делінген ресми хабарламада.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі