jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов: Сындарлы уақытта Үкіметті басқаруға сенім білдіргені үшін Президентке алғысым зор

05 ақпан 2024, 20:44

Бүгін Президент Жарлығымен қызметінен босатылған Әлихан Смайылов Фейсбук парақшасында барша жұртқа арнап жазба жариялады.
«Құрметті қазақстандықтар! Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуін қабылдады. Ең алдымен, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сындарлы уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметін басқаруға сенім білдіргені үшін алғысым зор.
Өткен екі жыл қоғам үшін шешуші кезең болды. Мемлекет басшысы жаңа Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған аса маңызды саяси және экономикалық реформаларға бастамашылық жасады. Үкімет осы реформаларды іске асыру және еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін қызмет етті. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының арқасында бірқатар нәтижелерге қол жеткізілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 5,1 пайызды құрады», — деп жазды Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, бүкіл негізгі секторлар оң даму динамикасын көрсетті. Инфляция екі есе төмендеді.
Елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі екі жыл қатарынан соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды. Оның жылдық көлемі 26-28 млрд долларды құрады.
«Ұлттық қордың активтері былтыр 4 млрд долларға өсіп, 60 млрд доллардан асты. Рейтинг агенттіктері ұлттық экономиканың тәуелсіз рейтингі мен инвестициялық сенімділігін растады. Үкіметтегі барлық әріптестеріме, сондай-ақ депутаттық корпусқа бірлескен және нәтижелі жұмыс үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Сонымен қатар еліміздің дамуына адал еңбегімен үлес қосып жүрген әрбір қазақстандыққа алғыс айтамын», — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.
JQ-Aqparat

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі