jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов Премьер-Министр қызметіне тағайындалды

30 наурыз 2023, 12:39


Мәжілістің сегізінші шақырылымына сайланған депутаттар Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловты қайта тағайындауға келісім берді. Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысы кандидатурасын талқылағаннан кейін «Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына Смайылов Әлихан Асханұлын тағайындауға келісім берілсін» деген қаулы жобасына дауыс берді. Дауыс беруге қатысқан 97 депутаттың 82-сі Ә.Смайыловтың кандидатурасын қолдады. 7 депутат қарсы шығып, 8 депутат қалыс қалды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Кеше сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Премьер-Министр лауазымына кандидатты «AMANAT» партиясы ұсынатынын айтқан болатын.
Мәжілістің пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловты тағайындау үшін депутаттардың келісім беруін сұрады.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде