jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов: Өңірлер әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуі тиіс

15 қараша 2023, 10:40


Жыл соңына дейін барлық өңір әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуі тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.
«Жыл соңына дейін барлық өңірлер әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуі тиіс. Жеке инвестицияларды тарту экономикалық өсудің маңызды факторы болып табылады. Бұл – біздің басты міндетіміз. Мемлекеттік органдар мен өңірлер инвестиция тарту бойынша жұмыс жүргізіп, жоспарланған жобалардың іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы әрбір орта кәсіпорын бойынша өндірісті 2-3 есеге кеңейту міндетін қойды. Жауапты мемлекеттік органдар, әкімдіктер «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірлесіп, осы тапсырманы іске асыру жөнінде нақты шаралар қабылдауы қажет», — деді Үкімет басшысы.
Премьер-Министр жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және жаңа кәсіпорындар құру бағытында бизнесті белсенді қолдау керектігін баса айтты.
«Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында біз инфляция деңгейін 10,8 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік алдық. Сонымен қатар, жыл соңына дейін инфляцияны 2 есеге азайту үшін мемлекеттік органдар мен әкімдіктер Инфляция деңгейін бақылау және төмендету бойынша шаралар кешеніндегі барлық жоспарланған іс-шараларды тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет. Жыл соңына дейін 1,5 ай қалды. Экономиканың өсу траекториясын сақтай отырып, барлық нысаналы көрсеткіштерді қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы жылға бөлінген қаражатты уақтылы игеруге көңіл бөлуі тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде