Ә.Смайылов 2030 жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы салада қалыптасқан проблемаларды кезек күттірмей шешу үшін әзірленгенін еске салды.
«Бұл құжат ең алдымен кәсіптік қауіп-қатерлер мен өндірістік жарақаттану деңгейін және кәсіптік ауру түрлерін төмендетуге бағытталған. Барлық тәуекел алдын-ала ескерілетін болады. Өндірістегі қауіпсіздік саласын цифрландыру осы мәселелерді шешуге ықпал етуі тиіс», — деді ол.
JQ-Aqparat