jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов: Қазақстан мен Грузияның транзиттік тасымалдағы әлеуеті зор

23 маусым 2023, 18:20

Өткен жылы Қазақстан мен Грузияның өзара сауда айналымы 7 есе өсіп, 600 млн доллардан асты. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов хабарлады.
Грузияға ресми сапармен барған Премьер-Министр грузин әріптесі Иарклий Гарибашвилимен келіссөз жүргізді. Тараптар сауда-экономикалық мәселелермен бірге екі елдің транзиттік әлеуетін пайдалану жайын да талқылады. Ә. Смайылов осыған орай, келіссөзде екі елдің Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік тасымалда маңызды рөл атқара алатынын тілге тиек етті.
Ал Грузия үкіметінің басшысы Ираклий Гарибашвили баламалы Транскаспий бағытын («Орта дәліз») Орталық Азия, Қытай және тұтас Азия үшін бұдан да тартымды ету мақсатымен Қазақстан және Әзірбайжанмен тығыз ынтымақтастық орнатқанын айтты. Грузия осы күретамырды дамытуға бағытталған бірлескен кәсіпорын (БК) құру жөніндегі үш жакты келісімге қосылды.


Бұған дейін аталған құжатқа Қазақстан мен Әзірбайжанның теміржол компаниялары қол қойған еді. Жаңа логистикалық компания тариф саясаты, жүк өңдеу және тауар рәсімдеуді жеңілдетумен айналысады.
Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия аумағы арқылы өтетін «Орта дәліз» Қытайдан Еуропаға тауар жеткізу мерзімін 10-15 күнге азайтуға мүмкіндік береді.

JQ-Ақпарат

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі