jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов: Қатарға қазақстандық өнім экспортын 243 млн долларға ұлғайтуды ұсындық

23 мамыр 2023, 16:15

 

Доха қаласында өтіп жатқан үшінші Қатар экономикалық форумы аясында Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Қатар Әмірі шейх Тәмим бин Хамад Әл Тәни кездесу өткізді.
Әлихан Смайылов Қатар Әміріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемі мен ізгі тілегін жеткізіп, дүниежүзі қоғамдастығының назарын аударған футболдан Әлем чемпионатының сәтті өтуімен құттықтады.

Премьер-Министр Қатар Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси және экономикалық серіктесі екенін атап өтті. Мұның дәлелі өзара сауда мен инвестициялар саласындағы жоғары көрсеткіштер болып табылады.

Мәселен, осы жылдың бірінші тоқсанында ғана екіжақты тауар айналымының көлемі 17,7 есе өссе, 2022 жылдың қорытындысы бойынша елімізге құйылған Қатар инвестициясының көлемі 3 есе артқан.

«Бұл ретте біз өзара сауда көлемін одан әрі ұлғайту бойынша бұдан да жоғары әлеуеттің барын көріп отырмыз. Осыған байланысты Қатарға 60 тауар позициясы бойынша қазақстандық өнімнің экспортын шамамен $243 млн-ға ұлғайтуды ұсындық. Сонымен қатар біз инвестициялық әріптестікті одан әрі кеңейтуге мүдделіміз», — деді Әлихан Смайылов.
Осы тұрғыда Үкімет басшысы Qatar Investment Authority мен «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорлары арасындағы ынтымақтастықтың және Бірлескен тікелей инвестициялар қорын құру жоспарларының маңыздылығын атап өтті.

Өз тарапынан шейх Тәмим бин Хамад Әл Тәни басым бағыттардың барлығы бойынша екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екенін растады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі