jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов: Инвестициялық жобалардың санын арттыру керек

14 сәуiр 2023, 15:13

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ұлытау облысына сапары кезінде әкімдікке өңірдің салық базасын нығайтуды тапсырды.

«Ұлытау облысы дербес құрылуына байланысты алдарыңызда үлкен міндет тұр. Бұл – өнеркәсіпті, индустрияны және өңірдің меншікті салық базасын дамыту. Өйткені өңірдің әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін сіздерге ақша керек, бюджет керек. Сондықтан инвесторлардың жобаларды іске асыруына қолдау көрсету өте маңызды», — деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ ол өңірді дамыту жолында Үкіметке байланысты мәселелерді шешуге уәде берді.

«Үкіметке байланысты мәселелерді біз шешеміз. Нақты айтсақ, газ керек болса, береміз. Кен барлауға рұқса керек пе, береміз. Инвестициялық жобалардың санын арттыру керек. Кәсіпкерлердің бастамаларын барынша ескеру қажет. Сол арқылы оларды өңір экономикасына ақша салуға ынталандыру маңызды. Өңірдің даму динамикасы осыған байланысты болады», — деді Әлихан Смайылов.

Айта кетейік, Үкімет басшысы өңірге сапары барысында биыл Жезқазған-Қызылорда жолының 65 шақырымын пайдалануға беру көздеогенін айтты.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура