jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов: Экомин су шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізуді жеделдетуі қажет

29 маусым 2023, 10:54

Үкіметте Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қазақстан су кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Қатысушылар су ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша құзырлы органның және бассейндік инспекциялардың тиімділігін арттыру, тиісті мамандарды даярлау және жалпы су дипломатиясын нығайту мәселелерін қарастырды.
Бұдан бөлек, Су ресурстары бойынша жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарының консорциумын құру жоспарлары қарастырылды.
Атап айтқанда, бұл ғылыми орталық жұмысы барлық мамандандырылған институттардың әлеуетін салалық даму бағдарламаларын әзірлеуге біріктіруге мүмкіндік беретіні айтылды.

Әлихан Смайылов Экология министрлігіне су шаруашылығы саласына цифрлық технологиялар мен тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (ТБЖ) енгізуді жеделдету қажеттігін баса айтты.
Бұл мониторинг пен жауапты мамандар жұмысының тиімділігін арттырады, сондай-ақ су ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр құзырлы мемлекеттік органдарға Гидрогеологиялық зерттеулерді дамыту бағдарламасын әзірлеуді, жерасты суының мониторингін автоматтандыру және басқа да геоақпараттық технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі