jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов: Бюджет саясатын қалыптастыру мен іске асыру тәсілдерін өзектендіру керек

19 қыркүйек 2023, 11:05
Фото: Максим Золотухин

Жаңа Бюджет кодексі мемлекеттің барлық қаржылық ағындарын шоғырландырып, бюджет ережелерінің қатаң сақталуын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есеп беруге міндеттейді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлім етті.

«2004 жылдан бері бюджет саласында бірқатар маңызды және жүйелі реформалар жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, бюджет заңнамасы бір ретке және жүйеге келтірілді. Сондай-ақ, нәтижеге бағытталған бюджет қалыптастыруға көштік. Осылайша, бюджеттік құқықтық қатынастарды реттеудің біртұтас саясаты құрылды. Бюджет жүйесінің бірыңғай принциптері белгіленіп, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жұмыстары іске асырылды», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр бюджеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыру тәсілдерін қайта қарап, өзектендіру қажеттігін атап өтті.

«Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған жаңа экономикалық бағытты іске асыру үшін бюджеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыру тәсілдерін өзектендіру керек. Жаңа кодекс мемлекеттің барлық қаржылық ағындарын шоғырландырып, бюджет ережелерінің қатаң сақталуын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есеп беруін қамтамасыз етеді. Бюджет кодексі мемлекеттік қаржыны бөлу принциптерін айқындайтын негіздемелік әрі икемді құжатқа айналады. Құжаттағы новелланың бірі – блоктық бюджеттеуді пилоттық түрде енгізу. Ол мемлекеттік органдардың дербестігі мен жеделдігін арттыруға ықпал ететін болады. Сонымен қатар, жаңа кодекс бюджетті индикативті жоспарлаудан толыққанды 3 жылдық жоспарлауға көшуді бекітіп береді. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері белгілі бір жағдайларда қаражатты өз бетінше қайта бөлу құқығына ие болады», — деп тоқталды Әлихан Смайылов.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі