jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов: БАӘ инвестициясының көлемін тартуға мүдделіміз

31 мамыр 2023, 14:06

Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен БАӘ-нің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арики өзара сауда көлемін ұлғайту және энергетика, көлік, логистика салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Әлихан Смайылов Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерімен инвестициялық әріптестікті дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша БАӘ-ден Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі 27% пайызға өсіп, шамамен $420 млн болды.

Осы ретте биылғы қаңтар айында Мемлекет басшысының ресми сапары аясында екі ел үкіметтері Жаңа стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру туралы бірлескен декларацияға қол қойды.

«Бүгінде тараптардың жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды орындауға кіріскені қуантады. Біз өзара іс-қимылды жандандыруға, оның ішінде Қазақстан экономикасына тартылатын БАӘ инвестицияларының көлемін арттыруға мүдделіміз», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы сауда қатынастарын дамыту да басым міндет екенін айтты.
«Екі елдің көшбасшылары өзара тауар айналымының көлемін $1 млрд-қа дейін жеткізу міндетін қойды. Осыған байланысты Қазақстан ауыл шаруашылығы, машина жасау және жеңіл өнеркәсіп салалары өнімдерін БАӘ нарығына жеткізу көлемін ұлғайтуға дайын», — деді Премьер-Министр.

Өз кезегінде Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арики әмірліктердің өзара тиімді мемлекетаралық ынтымақтастықты, оның ішінде ҚР Президентінің БАӘ-ге сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі бірлескен іс-қимылды арттыруға дайын екенін атап өтті.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі