jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов: Азаматтар жаңа төлемдерді уақытында алуы керек

27 маусым 2023, 11:52

Шілдеден бастап бірқатар төлемдер халыққа уақытылы төленуі керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.
«Жоғарыда айтылғандай, 1 шілдеден бастап бірқатар төлемдерді ұлғайту көзделіп отыр. Еңбек министрлігі Әлеуметтік кодекске сәйкес жәрдемақыны арттыруды, олардың уақытылы әрі толық көлемде тағайындалуын қамтамасыз етуі қажет. Азаматтар жаңа төлемдерді уақытында алуы керек», — деді Әлихан Смайылов.
Премьер-Министрдің атап өтуінше, әлеуметтік қолдау шараларын нақтылау үшін бірқатар нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажет.
Қазіргі уақытта Үкіметтің 26 қаулысының 10-ы қабылданды.
Еңбек министрлігі бұл жұмысты қысқа мерзімде аяқтап, бүкіл қажетті қаулы жобаларын Үкіметтің бекітуіне енгізуі тиіс.
«Еңбек министрлігі әкімдіктермен және Ақпарат министрлігімен бірлесіп, жаңа Әлеуметтік кодекстің ережелері туралы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек», — деді ол.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі