jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов: Ақтөбедегі экологиялық мәселелерді шұғыл шешу қажет

10 тамыз 2023, 19:02

 

Ақтөбе облысындағы жұмыс сапарында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ақтөбедегі кәріз тазарту құрылыстарының жағдайымен және жаңа КТҚ салу жоспарымен танысты.

Ақтөбе КТҚ пайдалануға 1981 жылы берілген. Қазіргі уақытта негізгі құрылыстардың техникалық жағдайы нашар, тозуы 80 пайызға жеткен. Бүгінде жаңа КТҚ салудың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, құжат мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алып үлгерді. Сондай-ақ құжаттаманы дайындаудан бастап, нысанды пайдалануға беруге дейінгі іс-шаралар қамтылған жобаны жүзеге асырудың жол картасы бекітілді.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың айтуынша, КТҚ салу Ақтөбе қаласының негізгі экологиялық проблемаларының бірі – ауаның күкіртті сутегімен ластануына қатысты мәселені шешуге мүмкіндік береді.

Үкімет басшысы Ақтөбе қаласының экологиялық мәселелерін шешу жергілікті атқарушы органдардың басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

«Кәсіпорындардан шығатын зиянды қалдықтар Ақтөбе қаласын жайлаған жағымсыз иістің негізгі себебі болып отыр. Қоқыс полигонында қайта-қайта өрт шығып, онсыз да күрделі экологиялық ахуалға зиян келтіруде. Қоқыс шығару қызметтерінің жұмысы да ақтөбеліктердің орынды наразылығын тудырып отыр. Осы мәселелердің барлығына облыс әкімдігі жіті назар аударып, оларды шешу үшін жедел шаралар қабылдауы қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр жыл соңына дейін жаңа кәріз тазарту құрылыстарын салуға қатысты барлық құжаттаманы дайындауды аяқтап, алдағы 2–2,5 жылда қала үшін маңызды жобаны жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Бұл мәселе Үкіметтің бақылауында болады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Премьер-Министрдің баспасөз қызметі

25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста