jasqazaq.kz

Әлібек Қуантыров: Бес жыл ішінде жалпы ішкі өнімнің орташа өсімі 5,8 пайыз болады

23 қараша 2023, 11:16

2026-2028 жылдары инфляция 5 пайызға дейін төмендейді. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында елдің 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын талқылау кезінде Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

«Болжамды қалыптастырудың негізіне мұнайдың бағасы барреліне 80 АҚШ доллары болғандағы базалық сценарий алынды. Болжам бойынша 2024 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 5,3 пайызды құрайды. Кейін 2026-2028 жылдары 6 пайызға дейін өседі. 5 жыл ішінде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі 5,8 пайызды құрайды. Номиналды жалпы ішкі өнім 2024 жылғы 135 трлн теңгеден 2028 жылы 218,5 трлн теңгеге дейін өседі. Экономиканың барлық базалық салаларында оң динамика болады деп ескерілген. Шикізаттық емес сектор болжамды өсудің негізгі драйверлерінің біріне айналады», — деді Ә. Қуантыров.
Оның айтуынша, өнеркәсіптегі орташа жылдық өсу қарқыны 2024-2028 жылдары 4 пайызды құрауы мүмкін.

Өңдеу өнеркәсібі орта есеппен 4,9 пайыз деңгейінде өседі және тау-кен өнеркәсібінің өсу қарқынынан асып түседі.

«Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарында өндірісті кеңейту есебінен мұнай өндіру 100 млн тоннадан асады. Ауыл шаруашылығының орташа жылдық өсімі 4,5 пайызды құрайды. Инвестицияны игеру жағдайында құрылыс саласының жоғары өсу қарқыны болады. Нақты сектордағы өндірістің өсуі қызмет көрсету секторының орта есеппен 6,3 пайызға өсуіне ықпал етеді. Ішкі тұтынушылық белсенділік сауда қызметтерінің орта есеппен 7,4 пайызға өсуіне ықпал етеді. Көлік саласындағы болжамды өсім орта есеппен 6 пайызды, «ақпарат және байланыс» саласында 7,8 пайызды құрайды. Салаларда экономикалық белсенділікті арттыруға инвестициялық жобаларды іске асыру, нақты сектор мен шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау жөніндегі шаралар
ықпал етеді. Экспорт көлемі 2024 жылы 83,1 млрд доллардан 2028 жылы 94,8 млрд долларға дейін ұлғаяды, импорт 60,7-ден 65,6 млрд долларына дейін өседі», — деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, инфляцияның нысаналы дәлізі 2024 жылы 6-8 пайыз, 2025 жылы 5,5-7,5 пайыз деңгейінде айқындалды.
Кейіннен 2026–2028 жылдары 5 пайызға дейін төмендейді.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры