jasqazaq.kz

Әли Оқапов: Бөлек тұрамыз

19 сәуiр 2023, 11:13

Отандық әнші Әли Оқапов алғаш рет әйелі Ақерке Бүркітбай жайлы айтты. Өнер иесі отандық бағдарламада отбасылық құпиясын бөлісіп, анасы Роза Рымбаевадан бөлек тұратынын мәлім етті,
«Жұбайымның өнер адамы болуы негізгі талап болмады. Бастысы, менің адамым болғаны ғана маңызды болды. Менің жолым болды. Ол (Ақерке Бүркітбай — ред.) жайлы көп айта аламын. Екеуіміз кездесіп жүргенде, әр қадамымызды жарияламаймыз деп келіскенбіз. Өйткені, қарым-қатынаста әр сәт мінсіз бола бермейді. Біз анамнан бөлек тұрамыз. Мен анамнан 7-8 жыл бұрын бөлек шығып кеттім. Анам маған «Сенің бөлек шығатын уақытың келген сияқты. Сен қазір ересексің, әртіссің. Тіпті гастрольде жүресің» деді. Осыдан кейін мен біраз уақыт жалғыз тұрдым. Біз бөлек тұрамыз. Бірақ бір тұрғын үй кешенінде, көрші тұрамыз. Қазір анам әр күні үйге келеді. Ал Ақеркенің анасы Атырауда тұрады», — деді Әли Оқапов. Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаева жақында немересін бесікке салып, дүркіретіп той жасаған болатын. Ал Әли Оқапов осыдан кейін әлеуметтік желіге жұбайы Ақерке Бүркітбаймен және ұлы Зейінмен түскен суретін жариялады.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура