jasqazaq.kz

Әли Оқапов: Блогер, реалити-шоу қатысушылары жеке өмірлерін сата берсін

21 сәуiр 2023, 10:48

Әли Оқапов тұңғыш ұлы Зейінге әкесі Тасқынның тегін берген жоқ. Отандық бағдарламаға сұхбат берген әнші неліктен мұндай қадамға барғанын айтты. Алдымен әнші жеке өмірін көпшілікке неліктен жария етпейтініне тоқталды.

«Мен жеке өмірімнің арқасында емес, жалпы өнерімнің арқасында жүрмін сахнада. Блогер, реалити-шоу қатысушылары жеке өмірлерін сата берсін. Маған ол қажет емес. Менің жүріп кеткен өмірім мен кестем 180 градусқа өзгеруде. Қазір барлық басымдық нүктелері, әрине, баланың айналасында. Бұл — қиын. Бұл — қорқынышты. Өте үлкен жауапкершілік. Бірақ өте қызық және маған ұнайды. Осыған дейінгі өмірім маған қайта оралмайтыны анық. Менің оған қайтқым да келмейді», — деді Әли. Сондай-ақ Әли ұлына әкесі Тасқынның тегін не үшін бермегенін түсіндірді. «Оқапов дегенде Әлиді емес, бірінші Тасқынды елестетеді халық. Көпшілік оны Тасқынның ізбасары ретінде көрсе деген ой болған менде. Қазір комментарий де көп жазылады. «Неге Тасқынның аты берілмеген?», — деген сұрақтар көп. Олар жаза береді. Мен өзім білемін. Өз ұлыма қандай фамилия беретінімді…Егер ол мен сияқты, атасы, әжесі, анасы сияқты өнер жолын қуатын болса, біздің тегіміз оған қолдау болады деген ойым бар», — деді Әли Оқапов.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі