jasqazaq.kz

Әли Бектаев: Ауыл шаруашылығында кооперацияны дамыту тым баяу жүріп жатыр

29 қараша 2023, 11:11

Қазақстанда 3248 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген. Алайда оларды дамыту тым баяу жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін Сенатта депутат Әли Бектаев айтты.
«Қазір Қазақстанда 3248 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген, оның 1255-і мал шаруашылығымен, 322-сі өсімдік шаруашылығымен, 1671-і басқа бағыттар бойынша жұмыс істеп жатыр. Биыл «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 543 ауыл шаруашылығы кооперацияларына 370 млрд теңге қаржы бөлінгенін ескерсек, әр кооператив орта есеппен 680 млн теңгеге қаржыландырылғанын көреміз. Яғни кооперацияны бірігіп, ірілету қашан да тиімді. Ал қалған 2700-ден астам ұсақ шаруашылықтардың тек 3% ғана жеңілдетілген несие алуға шамасы келген», – деді Ә. Бектаев «Еліміздің өңірлеріндегі ауыл шаруашылығы кооперациясының жай-күйі және шаруа қожалықтарын ірілендіру» тақырыбындағы отырыста.
Сенатордың айтуынша, нарықты дамыту жағдайында агрокооперативтерді құру өзекті болғанымен, бірақ осы кооперацияны дамыту тым баяу жүріп жатыр.
«Бұл тұрғыда мамандар осы саладағы негізгі проблемаларды белгілеп шықты. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруда адамдардың бұл институтқа сенімсіздігі бақалған. Сонымен қатар отандық өнімнің бәсекеге қабілетінің төмендігі мәселесі де бар. Кооперативті тіркеу кезіндегі құжаттардың көптігі кедергі жасап отыр. «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заң талаптарының кемшілігінен заман талабына сай тиісті өзгерістерді қабылдау қажет. Өнімді дайындау, сақтау, бастапқы өңдеу және нарыққа шығарудың дамымағандығы, сақтау қоймаларының болмауы, өнімді тасымалдау логистикасының нашарлығы осы салаға кері әсер етіп отыр», – деді депутат.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі