jasqazaq.kz

Әли Әкбар Зиәи: Қасиетті Құранды өртеу – сөз бостандығы емес

11 қазан 2023, 13:34

Әлемдік және дәстүрлі көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысында Иран делегациясының өкілі, Дінаралық және мәдениетаралық диалог орталығының басшысы Әли Әкбар Зиәи сөз сөйледі.

«Біздің орталық 30 жылда жүздеген дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бәрі дінаралық диалог тақырбында өтті. Дін көшбасшылары заманауи қоғамның сұраныстары мен қажеттіліктерін өткір түсінеді және оның шешу жолдарын ұсынуға дайын, — деді Әли Әкбар Зиәи.

Ол қасиетті Құран кітабын өртеуге қатысты пікірін білдірді. «Біз мұндай іс-әрекеттерді қандай да бір сөз бостандығының көрінісі ретінде қабылдамауымыз керек. Құран кітабын өртегендерде әр түрлі саяси мотив бар. Бұл біздің құндылықтарымызға қарама-қайшы келеді, сол себепті бірлесіп осындай іс-әрекеттерді бірауыздан айыптауымыз қажет. Біз мұндай жағдайдың қайталанбауын алдын алуымыз керек. Мұның салдары түрлі қоғамда қақтығыстардың өршуіне, сонымен бірге түсінбестікке әкеледі», — деді.

JQ-Aqparat

Фото: baq.kz

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі