jasqazaq.kz

Әлеуметтік желілердің бұғатталуы мүмкін бе? Министр түсініктеме берді

23 сәуiр 2025, 11:46

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева танымал әлеуметтік желілердің бұғатталуы мүмкін деген мәселеге қатысты пікір білдірді. Министрдің айтуынша, бұл мәселеде қазақстандықтардың да жауапкершілігі зор.

«Барлығы тек әлеуметтік желілердің әкімгерлері мен мемлекеттік органдардың әрекетіне ғана байланысты емес. Ең алдымен, бұл – пайдаланушылардың өзіне байланысты. Олар қоғамдағы тұрақтылыққа жауапкершілікпен қарап, жалған ақпарат таратпауы керек», – деді Аида Балаева.

Министрдің бұл мәлімдемесі интернеттегі ақпараттық қауіпсіздік, фейк жаңалықтардың таралуы және әлеуметтік желілердің қоғамға ықпалы туралы талқылаулар аясында жасалды.

Айта кетейік, соңғы уақытта бірқатар елдерде әлеуметтік желілерге шектеу қою тәжірибесі жиілеп келеді. Мысалы, еліміз — Орта Азиядағы Тикток желісін бұғаттамаған жалғыз мемлекет. Мұндай шаралар әдетте деструктивті контент пен жалған ақпараттың таралуына қарсы бағытталады. Елде мұндай қадамдар қолға алына ма, жоқ па — бұл сұрақ әлі ашық күйде қалып отыр.

 Фото Depositphotos.com

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі