jasqazaq.kz

Әлеуметтік және жекеменшік нысандарға тексеру жүргізілді

01 маусым 2023, 12:17

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін елді мекендерде «кедергісіз орта» құру бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде осы мәселені шешуге қоғамдық бақылауды күшейту» туралы айтылды. Осыған орай Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темiр жол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен порттарында еркiн бағдар ұстануы мен жүрiп-тұруына мемлекеттiк стандарттарға сәйкес жағдай жасауға мiндеттi.

Бүгінде Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп тұруына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Кезекті түсіндіру жұмыстары Әл-Фараби ауданында орналасқан нысандарға жүргізілді. Ауданда 29 әлеуметтік және жекеменшік нысандарды аралау барысында 5 нысан стандартқа сай еместігі анықталып, ескертпе жасалды. Нысан иелері 1 ай уақыт көлемінде айтылған ескертпелерді назарға алып, 2023 жылдың 30 маусымына дейін ережеге сай талаптарды орындауы тиіс. «Жоғарыда аталған Заңның 25 бабының 3 тармағына сәйкес, «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ортақ пайдаланылатын тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергісіз кіріп-шығуына ұлттық стандарттарға сәйкес жағдай жасауға міндетті делінген». Аталған заң талаптары орындалмаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодексіне сәйкес шара қолданылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты өз нысандарыңызды мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы пандус, таймайтын төсеніш, шатыр, тірек, кіре беріс есіктеріне кедергісіз табалдырықтар, санитарлық-гигиеналық тораптар, арнайы автотұрақ орнатуыңызды сұранамыз», — делінген әкімдік жазбасында.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции