jasqazaq.kz

«Әлеуметтік патронат» отбасы әлеуетін арттырады

05 тамыз 2023, 20:00


Алдағы уақытта тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларды қолдау жобасы іске қосылады. «Әлеуметтік патронат» жобасы жайында «Ашық» НҚА порталында жарияланды. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарда жазылған.
«Әлеуметтік патронат» жобасы тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларды әлеуметтік қызметтермен жан-жақты сүйемелдеуге мүмкіндік береді. Бұл қызмет өмірлік қиын жағдайға немесе әлеуметтік проблемаларға тап болған отбасыларға қолдау көрсетуге және оларға жәрдемдесуге бағытталған бастама» екендігі жазылған құжатта.
Негізгі мақсат — олардың өмірінің әртүрлі аспектілеріне қолдау көрсету және көмектесу арқылы аз қамтылған отбасылардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру. Әлеуметтік патронат отбасылық қатынастардың бұзылуы, ата-ана тәрбиесі мәселелері, отбасындағы зорлық-зомбылық немесе басқа да қиындықтар бойынша түрлі жағдайға тап болған отбасыларға бағытталған жоба.
Жобаны жүзеге асыру барысында әлеуметтік қызмет саласындағы тәжірибелі мамандар тартылады. Олар жеке қолдау, кеңес беру, жанжалдарды шешуге көмектесу сияқты жұмыстарға тартылып, әлеуметтік қызметтер мен ресурстарды алуға қолдау жасайды.
Барлық мектепте баланың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік педагогтың міндетті лауазымын енгізу де жобада ұсынылған.

JQ-Aqparat

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста