jasqazaq.kz

Әлеуметтік маңызы бар нысандардың алдына жол кедергілері салынады

18 мамыр 2023, 13:46

Шымкентте жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтсақ, өткен жылы тұрғындардан 12 орынға бағдаршам қоюға ұсыныс түскен. Жуырда бағдаршамдар орнатылып, іске қосылды. Бұдан бөлек, 450 шақырым қала көшелеріне жол таңбалары сызылды. Көлік жүргізушілері және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 4000 жол белгісі орнатылған.

Биыл да жол-көлік қауіпсіздігі назардан тыс қалмақ емес. Қажеттілік туындаған 12 жол бойына бағдаршам орнатылып, 400 шақырым жол таңбаларын сызу жоспарға енген. Сондай-ақ, 800 метр жасанды жол кедергілерін әлеуметтік маңызы бар мекемелердің алдына орнату жұмыстары қолға алынады.

Айта кетейік, жыл соңына дейін қалада 3500 жол белгісі орнатылатын болады. Қазіргі таңда 291 бағдаршам нысандарына күтіп-ұстау жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

2023 жылы 236,3 шақырымды құрайтын 297 көшеге жөндеу жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде 24 көше көлік ағыны жоғары әрі, қоғамдық көлік қатынайтын орталық магистрал көшелер. Бекітілген жоспарға сәйкес, магистралды көшелер мен елді мекендердің ішкі орам көшелеріне басымдылық берілуде.

Одан бөлек, жол көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында 37 356,9 шақырым қала көшелерінің жол шұңқырлары жамалды.

Оның ішінде: Абай ауданы – 9 527 шақырым, Әл-Фараби ауданы – 7 726,9 шақырым, — Еңбекші ауданы – 9 263 шақырым және Қаратау ауданы – 10 840 шақырым жолдың шұңқыры бітеледі.

Шымкент қаласында 1886 аялдама орны бар. 2020 жылдан бері жаңа типтегі аялдама павильондарын орнату жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда жаңа аялдама павильондарының үлесі 35,5% құрайды. 2023 жылы 250 аялдама павильонын орнату жоспарлануда. Сондай-ақ, қажеттілігі бар аймақтарға 12 бағдаршам орнату жоспарлануда. Қала аумағында орналасқан 291 бағдаршам нысандарына күтіп ұстау жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде